Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 маусымдағы № 204 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 16 маусымда № 5655 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 16.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 364 "Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 23 қазанда № 4240 тіркелген, 2017 жылғы 28 қазандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған және 2017 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9 маусымдағы
№ 204 қаулысына қосымша

Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

Р/с

Қала және ауыл округінің атауы

Орналасатын орны

1

Арыс қаласы

Привокзальный көшесі, ескі Қазпочта ғимаратының жаны

2

Арыс қаласы

Ө.Азизаев және Шпал зауыт көшелерінің қиылысы

3

Арыс қаласы

И.Ақынбеков көшесі, № 127, № 128, № 129 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

4

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, № 5, № 7, № 45 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

5

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, № 36, № 46 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

6

Арыс қаласы

М.Сұлтанқожаұлы көшесі № 110, № 112 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

7

Арыс қаласы

Көктем 2 мөлтек ауданы, № 1 көшесіндегі № 1 және № 3 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

8

Арыс қаласы

Көктем 2 мөлтек ауданы, № 8 көшесіндегі № 37 және № 39 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

9

Монтайтас ауылдық округі

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев көшесі № 5, Монтайтас ауылдық клуб ғимаратының алды

10

Ақдала ауылдық округі

Шымкент-Арыс тас жолы, Арыс топтасқан су ғимаратының шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады