Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 5943 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Бәйдібек ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 06 мамырдағы № 132 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5034 болып тіркелген, 2019 жылғы 08 мамырда "Шаян" газетінде және 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түркістан облысының

      Бәйдібек аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ________________М.Қырықбаев

      "___" ___________ 2020 жыл

  Бәйдібек ауданы
әкімдігінің "11"
желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 464 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Бәйдібек ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Қ/с

Ауыл округтерінің атауы

Елді мекен атауы

Белгіленген орындар

1

Ағыбет

Ағыбет

Ә.Молдағұлова көшесі, мәдениет үйінің алды

2

Ағыбет

Алғабас

Қаратау көшесі, "Майбұлақ" жалпы орта мектебінің алды

3

Ағыбет

Жұлдыз

Майбұлақ көшесі, "С.Сейфуллин" атындағы бастауыш мектебінің алды

4

Ағыбет

Жаңаталап

Жаңаталап көшесі, "Жаңаталап" жалпы орта мектебінің алды

5

Ақбастау

Ақбастау

Бейбітшілік көшесі, мәдениет үйінің алды

6

Ақбастау

Тұрақты

Ақжол көшесі, "Ж.Жүнісбеков" атындағы жалпы орта мектебінің алды

7

Ақбастау

Кеңес

К.Бегманов көшесі, "Ө.Жолдасбеков" атындағы жалпы орта мектебінің алды

8

Ақбастау

Жолғабас

Көкмешіт көшесі, "Жолғабас" жалпы орта мектебінің алды

9

Алғабас

Шақпақ

С.Әбдіжаппаров көшесі, клубтың алды

10

Алғабас

Қазата

Қ.Шалтаев көшесі, "Тұрмыс-1" жалпы орта мектебінің алды

11

Алғабас

Таңатар

Ж.Қауымбаев көшесі, "Т.Қазақбаев" атындағы жалпы орта мектебінің алды

12

Алмалы

Алмалы

Алмалы көшесі, "Қ.Сәтбаев" атындағы жалпы орта мектебінің алды

13

Алмалы

Жарықбас

Ж.Дауталиев көшесі, "Л.Өтешов" атындағы жалпы орта мектебінің алды

14

Алмалы

Бәйдібек ата

К.Торғаутов көшесі, мәдениет үйінің алды

15

Боралдай

Боралдай

О.Мамеков көшесі, "Қаратау" мәдениет үйінің алды

16

Боралдай

Жоғарғы Боралдай

Төлеби көшесі, "Боралдай" жалпы орта мектебінің алды

17

Боралдай

О.Тайманов

Астана көшесі, "О.Тайманов" атындағы жалпы орта мектебінің алды

18

Боралдай

Ақжар

Бейбітшілік көшесі, "Төменгі Боралдай" негізгі орта мектебінің алды

19

Боралдай

Қаратас

Қаратау көшесі,"Н.Арапов" атындағы жалпы орта мектебінің алды

20

Боралдай

Теректі

Қостұра көшесі, "Теректі" жалпы орта мектебінің алды

21

Боралдай

Жыланды

Тәуелсіздік көшесі, "Комсомол" жалпы орта мектебінің алды

22

Боралдай

Түйетас

Жібек жолы көшесі, "Б.Момышұлы" атындағы жалпы орта мектебінің алды

23

Боралдай

Амансай

Б.Өтембаев көшесі, "Домалақ ана" жалпы орта мектебінің алды

24

Боралдай

Талап

Ынтымақ көшесі, "К.Өтемісұлы" атындағы жалпы орта мектебінің алды

25

Боралдай

Сарыбұлақ

Ұлытау көшесі, "Сарыбұлақ" жалпы орта мектебінің алды

26

Борлысай

Ақтас

О.Сенгирбайұлы көшесі, "Ақтас" жалпы орта мектебінің алды

27

Борлысай

Қошқарата

Ә.Бектібаев көшесі, "Борлысай" жалпы орта мектебінің алды

28

Борлысай

Кеңсай

Х.Бозжігітов көшесі, "Кеңсай" жалпы орта мектебінің алды.

29

Бөген

Шалдар

Ә.Қасымбеков көшесі, мәдениет үйінің алды.

30

Бөген

Сарқырама

Желтимес көшесі, фельшерлік тіректің алды

31

Бөген

Екпінді

Қызылсеңгір көшесі, "Қ.Байменов" атындағы жалпы орта мектебінің алды

32

Бөген

Жиенқұм

Сіргелі көшесі, "Жиенқұм" жалпы орта мектебінің алды

33

Жамбыл

Жамбыл

А.Айнақожа көшесі, мәдениет үйінің алды.

34

Жамбыл

Шыбыт

Б.Әшірбеков көшесі, "Ы.Алтынсарин" атындағы негізгі орта мектебінің алды

35

Жамбыл

Жүзімдік

Нұрлы көшесі, "Жүзімдік" жалпы орта мектебінің алды

36

Жамбыл

Тасқұдық

Мектеп көшесі, "Тасқұдық" жалпы орта мектебінің алды

37

Жамбыл

Қызылжар

Жауқазын көшесі, фельшерлік тіректің алды

38

Көктерек

Кеңестөбе

Қостөбе көшесі "Ақмешіт" мәдениет үйінің алды

39

Көктерек

Бірлік

А.Нысанов көшесі, "А.Нысанов" атындағы негізгі орта мектебінің алды

40

Көктерек

Ынтымақ

Ақөткел көшесі, "С.Жиренов" атындағы негізгі орта мектебінің алды

41

Мыңбұлақ

Мыңбұлақ

А.Ералиев көшесі, "Нұра" мәдениет үйінің алды

42

Мыңбұлақ

Қайнар

Қайнар көшесі, "Қайнар" жалпы орта мектебінің алды

43

Мыңбұлақ

Мәдениет

Бірлік көшесі, "Мыңбұлақ" жалпы орта мектебінің алды.

44

Мыңбұлақ

Бестоғай

Қапшағай көшесі, клубтың алды

45

Мыңбұлақ

Ақбұлақ

Ақтөбе көшесі, фельшерлік тіректің алды

46

Мыңбұлақ

Қосбұлақ

Көлбай би көшесі, клубтың алды

47

Шаян

Шаян

Б.Қарашаұлы көшесі, Шаян лицей жалпы орта мектебінің алды

48

Шаян

Шаян

М.Әуезов көшесі, мәдениет үйінің алды

49

Шаян

Шаян

Е.Шөкеев көшесі, "С.Әбдіжаппаров" атындағы мектеп интернатының алды

50

Шаян

Шаян

Жылқышиев көшесі, "Күлтөбе" негізгі орта мектебінің алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады