Бәйдібек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 18 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 5944 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 23 "Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4779 тіркелген, 2018 жылғы 21 қарашада "Шаян" газетінде және 2018 жылғы 04 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбековке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Түркістан облысының

      Бәйдібек аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      __________________М.Қырықбаев

      " " _________ 2020 жыл

  Бәйдібек ауданы әкімінің
"11" желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 18 шешіміне қосымша

Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 142 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ағыбет ауылдық мәдениет үйі (Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 1/А үй). Шекарасы: Ағыбет ауылы.

      № 143 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Майбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Алғабас ауылы, Қаратау көшесі, 81 үй). Шекарасы: Алғабас ауылы.

      № 144 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Жұлдыз ауылы, Майбұлақ көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жұлдыз ауылы.

      № 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жаңаталап негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Жаңаталап көшесі, 41/1 үй). Шекарасы: Жаңаталап ауылы.

      № 146 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақбастау ауылдық мәдениет үйі (Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Ө.Оспанов көшесі, 61 үй). Шекарасы: Ақбастау ауылы.

      № 147 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ж.Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылы, Ақжол көшесі, 49 үй). Шекарасы: Тұрақты ауылы.

      № 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Кеңес ауылы, Тұрсынбеков көшесі, 11/1). Шекарасы: Кеңес ауылы.

      № 149 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Жолғабас ауылы, Көкмешіт көшесі, 35/1). Шекарасы: Жолғабас ауылы.

      № 150 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Шақпақ ауылы, Ильясұлы көшесі, 8 үй). Шекарасы: Шақпақ, Үсіктас ауылдары.

      № 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Қазата ауылы, Қ.Шалтаев көшесі, 2 үй). Шекарасы: Қазата ауылы.

      № 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Таңатар ауылы, Ж.Қауымбаев көшесі, 45 үй). Шекарасы: Таңатар ауылы.

      № 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы, Алмалы көшесі, 6 үй). Шекарасы: Алмалы ауылы.

      № 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Л.Өтешов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алмалы ауылдық округі, Жарықбас ауылы, Ж.Дауталиев көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жарықбас, Байжансай ауылдары.

      № 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Бәйдібек ата ауылдық мәдениет үйі (Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек ата ауылы, К.Торғаутов көшесі, 15/1 үй). Шекарасы: Бәйдібек ата ауылы.

      № 156 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қаратау ауылдық мәдениет үйі (Боралдай ауылдық округі, Боралдай ауылы, О.Мамеков көшесі, 15 үй). Шекарасы: Боралдай ауылы.

      № 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Боралдай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Жоғарғы Боралдай ауылы, Төлеби көшесі, 45 үй). Шекарасы: Жоғарғы Боралдай ауылы.

      № 158 сайлау учаскесі

      Орталығы: "О.Тайманов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, О.Тайманов ауылы, Астана көшесі, 31 үй). Шекарасы: О.Тайманов ауылы.

      № 159 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Төменгі Боралдай негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7 үй). Шекарасы: Ақжар ауылы.

      № 160 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Н.Арапов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Қаратас ауылы, Қаратау көшесі, 55 үй). Шекарасы: Қаратас ауылы.

      № 161 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Теректі жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Теректі ауылы, Қостұра көшесі, 56 үй). Шекарасы: Теректі ауылы.

      № 162 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қаратау жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Жыланды ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 28/2 үй). Шекарасы: Жыланды ауылы.

      № 163 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Түйетас ауылы, Темірқазық көшесі, 2/2 үй). Шекарасы: Түйетас ауылы.

      № 164 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі, 57 үй). Шекарасы: Амансай ауылы.

      № 165 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Талап ауылы, Ынтымақ көшесі, 89/1 үй). Шекарасы: Талап ауылы.

      № 166 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Сарыбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылы, Ұлы дала көшесі, 24/1 үй). Шекарасы: Сарыбұлақ ауылы.

      № 167 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ақтас жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Ақтас ауылы, О.Сеңгірбайұлы көшесі, 17/1 үй). Шекарасы: Ақтас, Шұқыршақ ауылдары.

      № 168 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Борлысай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Қошқар ата ауылы, Ә.Бектібаев көшесі, 9/2 үй). Шекарасы: Қошқар ата ауылы.

      № 169 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Кеңсай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Кеңсай ауылы, Х.Бозжігітов көшесі, 51/1 үй). Шекарасы: Кеңсай ауылы

      № 170 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылы, Б.Бахтиярұлы көшесі, 3 үй). Шекарасы: Шалдар, Бекбау ауылдары.

      № 171 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Сарқырама ауылы, Желтимес көшесі, 45/1 үй). Шекарасы: Сарқырама ауылы.

      № 172 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Екпінді ауылы, Қызылсеңгір көшесі, 2 үй). Шекарасы: Екпінді ауылы.

      № 173 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жиенқұм жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Жиенқұм ауылы, Сіргесалды көшесі, 12 үй). Шекарасы: Жиенқұм ауылы.

      № 174 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Ж.Кертайұлы көшесі, 2 үй). Шекарасы: Жамбыл ауылы.

      № 175 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Шыбыт ауылдық клубы (Жамбыл ауылдық округі, Шыбыт ауылы, Б.Әшірбеков көшесі, 3 үй). Шекарасы: Шыбыт ауылы.

      № 176 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жүзімдік жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Жүзімдік ауылы, Нұрлы көшесі, 10 үй). Шекарасы: Жүзімдік ауылы.

      № 177 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тасқұдық негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Тасқұдық ауылы, Мектеп көшесі, 12 үй). Шекарасы: Тасқұдық ауылы.

      № 178 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дәрігерлік тірек (Жамбыл ауылдық округі, Қызылжар ауылы, Жауқазын көшесі, 6 үй). Шекарасы: Қызылжар ауылы.

      № 179 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Кеңестөбе ауылы, Қарсыбай батыр көшесі, 20 үй). Шекарасы: Кеңестөбе ауылы.

      № 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "А.Нысанов атындағы негізгі орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Бірлік ауылы, А.Нысанов көшесі, 18/1 үй). Шекарасы: Бірлік ауылы.

      № 181 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Кеңесодақ ауылы, Ақөткел көшесі, 33 үй). Шекарасы: Кеңесодақ ауылы.

      № 182 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Бөген жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылы, А.Ералиев көшесі, 25 үй). Шекарасы: Мыңбұлақ ауылы.

      № 183 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қайнар жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қайнарбұлақ ауылы, Қайнар көшесі, 1 үй). Шекарасы: Қайнарбұлақ ауылы.

      № 184 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Мыңбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мәдениет ауылы, Бірлік көшесі, 27 үй). Шекарасы: Мәдениет ауылы.

      № 185 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Досан негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Бестоғай ауылы, Қапшағай көшесі, 6 үй). Шекарасы: Бестоғай ауылы.

      № 186 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бәйдібек ауданы білім бөліміне қарасты ғимарат (Мыңбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ақтөбе көшесі, 7/1). Шекарасы: Ақбұлақ ауылы.

      № 187 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қосбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қосбұлақ ауылы, Көлбай би көшесі, 49 үй). Шекарасы: Қосбұлақ, Нұра ауылдары.

      № 188 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 88 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.

      № 189 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы IT-мектеп-лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, М.Әуезов көшесі, 9 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.

      № 190 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Е.Шөкеев көшесі, 83 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.

      № 191 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Күлтөбе негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 128/1 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады