Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Бәйдібек ауданы әкімдігінің Жамбыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округінің елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Тасқұдық елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге – "Жібек жолы" атауы;
2) Жамбыл елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге - "Саябақ" атауы;
3) Жүзімдік елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге - "Нұрлы" атауы;
4) Жүзімдік елді мекеніндегі атауы жоқ № 2 көшеге - "Канал" атауы.
2. "Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық округінің | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б.Секербеков |