Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 20.01.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 02 қарашадағы № 02-05/327 ұсынысы негізінде Алтынтөбе ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан "құтырық" ауруына "оң" нәтиже көрсетуіне байланысты, Алтынтөбе ауылы округі, Аққұм елді мекені, Жақсығұл мерген көшесінде № 48 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Д. Алибаев |