"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауылдық округі Қазығұрт елді мекеніндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Бөгенбай батыр атауы;
2) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Қабанбай батыр атауы;
3) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Ертіс атауы;
4) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Балқаш атауы;
5) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Әйтеке би атауы;
6) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Ілияс Есенберлин атауы;
7) Болашақ шағын ауданындағы көшеге - Міржақып Дулатұлы атауы;
2. "Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Қ. Садықов |