Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 43-283-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 64-401-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 5 мамырда № 5599 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 66-412-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 66-412-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 43-283-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4900 тіркелген, 2019 жылғы 15 ақпанда "Мақтаарал тынысы" газетінде және 2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:

      7 тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мен мүгедектеріне, біржолғы әлеуметтік көмек 1 000 000 теңге мөлшерінде;

      2. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Жолдасов
      Мақтаарал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады