Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 23 "Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені, Д.Шыныбеков көшесіндегі № 7 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі әкiмiнiң 2020 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 мамырда № 5626 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республиккасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 02-03/172 ұсынысы негізінде Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мысық құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені, Д.Шыныбеков көшесі № 7 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 23 "Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені, Д.Шыныбеков көшесі № 7 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5508 болып тіркелген, және 2020 жылғы 06 сәірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Мақтаарал ауданының "Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округі әкімі Б. Маханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады