Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 56/4 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 5 ақпанда № 5398 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ордабасы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Абжалов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Садвахасов

  Ордабасы ауданының
мәслихатының 2020 жылғы
28 қаңтардағы № 56/4
шешіміне қосымша

Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары

      Осы Ордабасы ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы № 11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      1. Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін, жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

      6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Ордабасы ауданының барлық жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 208 662 гектар, оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32 711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1 490 гектар, тыңайған жерлер 18 954 гектар, жайылымдар 103 992 гектар.

      Жер санаттары бойынша:

      ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 208662 гектар;

      елді мекендердің жерлері 19854 гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 15411 гектар;

      ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 49958 гектар;

      орман қорының жерлері 4821 гектар;

      су қорының жерлері 8522 гектар;

      Ордабасы ауданының 5738 гектар жерін Бәйдібек ауданы және 392 гектар жерін Төлеби ауданы пайдалануда.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Ордабасы ауданында 10 ауылдық округтер (Бадам, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қажымұқан, Қараспан, Қарақұм, Төрткөл, Шұбар, Шұбарсу), 57 ауылдық елді-мекендер орналасқан.

      Мазмұны:

      1 Табиғаты

      2 Климаты

      3 Гидрографиясы

      4 Ауыл шаруашылығы

      Табиғаты:

      Ордабасы ауданының жер тіктілігі жазық, оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Аудан арқылы Арыс және Боралдай, Бөржар, Бадам, Шұбарсу тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген су қоймасы салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс магистралды каналы жүргізілген.

      Солтүстігінде боз жусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде боз жусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ).

      Климаты

      Аудан аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғылдықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) қалыптасқан.

      Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды. Бірақ көп жатпай, тез еріп кетеді. Ең суық ай –қаңтардың орташа темпратырасы – 12-20 суық. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

      Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 метр секунд. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4) ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.

      Жазы ұзақ аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 27-42С.

      Гидрографиясы:

      Ауданымызда ең ірі және ең ұзын өзен – Арыс өзені Арыс ауданы арқылы Сырдария өзеніне құяды. Сырдария өзенінің негізгі саласы - Арыс өзені (378 километр), ол Алатау мұздықтарынан басталады. Бұдан бөлек ауданда Бадам, Бөржар, Бөген, Шаян, Шұбарсу, АТК өзендері бар.

      Ауданымыздағы ең үлкен су қоймасы – Бөген су қоймасы.

      Бөген су қоймасының сыйымдылығы 37 миллион текше метр. Ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады. Бұдан бөлек ауданда Бөржар, Теспе су қоймалары бар.

      Ауданымыздағы жерасты суларының қоры ретінде Бөген жер асты су көздерін атауға болады, Қайнар, Визит, Бекзат бақ, Темірлан минералды суларына арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

      Ауыл шаруашылығы:

      Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 208 662 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1490 гектар, шабындық жерлер 3211 гектар, жайылымдық 103992 гектар.

      Ордабасы ауданы бойынша ірі қара 60600, қой және ешкі 351076, жылқы 20008, түйе 478 басқа жетті.

      Ордабасы ауданындағы ауылдық округтері бойынша мал басының саны туралы мәлімет.

Ауыл округі

Түйе

Жылқы

Оның ішінде

Ірі қара мал

Оның ішінде

Ұсақ мал

Оның ішінде

Қолда ұсталатыны

Табиғи жайылымды қажет ететіні

Қолда ұсталатыны

Табиғи жайылымды қажет ететіні

Қолда ұсталатыны

Табиғи жайылымды қажет ететіні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Бадам

-

2130

94

2036

5831

147

5684

48848

213

48635

2

Бөржар

-

4004

382

3622

8439

810

7629

55433

350

55083

3

Бөген

171

582

103

479

3540

508

3032

16000

187

15813

4

Жеңіс

-

169

22

147

2162

217

1945

8545

190

8355

5

Қажымүқан

-

4117

318

3799

11467

980

10487

62333

2840

59493

6

Қараспан

-

4655

113

4542

8498

635

7863

72282

2715

69567

7

Қарақұм

-

543

14

529

2813

345

2468

8547

35

8512

8

Төрткөл

307

1100

132

968

9182

350

8832

34230

1139

33091

9

Шұбар

-

2427

412

2015

4261

102

4159

38091

448

37643

10

Шұбар су

-

281

107

174

4407

1775

2632

6767

1920

4847


Барлығы

478

20008

1697

18311

60600

5869

54731

351076

10037

341039


      Төрт түлік малдың жайылымдық жерлермен қамтылу деңгейі:

Ауыл округтер саны

Ауыл округтеріндегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар

Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар

Жылқы

Гектар нормасы

Қажетті жайылым, гектар

Ірі қара мал

Гектар нормасы

Қажетті жайылым, гектар

Ұсақ мал

Гектар, нормасы

Қажетті жайылым, гектар

Жалпы қажет жайылым, жер көлемі

Аудандағы жалпы жайылыммен, қажетті жайылымның айырмасы (+-)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Бадам

19503

2036

9

18324

5684

8

45472

48635

2

97270

161066

-141563

2

Бөржар

30754

3622

9

32598

7629

8

61032

55083

2

110166

203796

-173042

3

Бөген

6392

479

9

4311

3032

8

24256

15813

2

31626

60193

-53801

4

Жеңіс

3933

147

9

1323

1945

8

15560

8355

2

16710

33593

-29660

5

Қажымұқан

14982

3799

9

34191

10487

8

83896

59493

2

118986

237073

-222091

6

Қараспан

16950

4542

9

40878

7863

8

62904

69567

2

139134

242916

-225966

7

Қарақұм

934

529

9

4761

2468

8

19744

8512

2

17024

41529

-40595

8

Төрткөл

5973

968

9

8712

8832

8

70656

33091

2

66182

145550

-139577

9

Шұбар

4571

2015

9

18135

4159

8

33272

37643

2

75286

126693

-122122

10

Шұбарсу

0

174

9

1566

2632

8

21056

4847

2

9694

32316

-32316


Барлығы

103992

18311

9

164799

54731

8

437848

341039

2

682078

1284725

-1180733


      Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар-8, ұсақ малдарды шомылдыру орындары-24, жасанды ұрықтандыру пунктері-14, биотермиялық шұңқырлар саны-7

      Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:

Ауыл округі

Ветеринарялық станциялар

Ұсақ малдарды шомылдыру орындары

Жасанды ұрықтандыру пунктері

Биотермиялық
Шұңқырлар

1

Бадам

1

2

1

-

2

Бөржар

1

-

1

-

3

Бөген

1

2

1

1

4

Жеңіс

-

1

1

-

5

Қажымұқан

1

11

1

1

6

Қараспан

1

2

3

1

7

Қарақұм

1

1

1

1

8

Төрткүл

1

2

3

1

9

Шұбар

1

2

1

1

10

Шұбар су

-

1

1

1


Барлығы

8

24

14

7


      Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа түсімділігі 5,3 центнер/гектарына, азықтық бірлігі 3,1 центнер/гектарына.

      Табиғи жем-шөп алқаптарындағы жайылымдардың түсімділігі (центнер/гектарына) мен азықтық бірлігіне баға беру төмендегі көрсеткіштермен жүргізілді.

Жайылымды маусымдық пайдалану ұсынысы

Азықтық бірлік бойынша жайылым сапасының өнімділігі (центнер/гектарына)

жақсы

ортадан жоғары

орта

ортадан төмен

Жаман

1

2

3

4

5

6

Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық

11,0 жоғары

7,0-11,0

4,0-6,9

2,0-3,9

2,0 төмен

Көктемдік

7,5 жоғары

5,5-7,5

3,0-5,4

1,5-2,9

1,5 төмен

Күздік

3,0-4,0

2,0-2,9

1,0-1,9

-

1,0 төмен

Көктемдік-күздік

Екі маусым бойынша бағаланады,көктемдік-күздік


      Жем-шөп қорының құнарлығы төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

Жайылымды маусымдық пайдалану ұсынысы

Жем-шөптің құнарлығы (100 килограмм құрғақ шөптегі азықтық бірліктің көлемі)

жақсы

орта

Жаман

1

2

3

4

Көктемдік

68-ден жоғары

51-69

51-ден төмен

Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық

50-ден жоғары

40-50

40-тан төмен

Күздік

40-тан жоғары

30-40

30-дан төмен


      Қорытынды.

      Ордабасы ауданында жалпы жайылымдық жер 103992 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 1 284 725 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.

      Аудан бойынша барлығы 431684 бас (60600 ірі қара, 20008 жылқы, 351076 уақ мал, 478 түйе) көлемі 103992 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 17603 бас (5869 ірі қара, 1697 жылқы, 10037 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталалып, бордақыланады.

      Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ордабасы ауданында жалпы 431684 бас малға көлемі 1 180 733 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі байқалады.

      Ордабасы ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.

      Ұсыныс.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұхсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығында мал басына белгіленген жайылымның шекті мөлшерін тұрғылықты жерге байланысты қайта есептеу ұсынылады.

      Қосымшада ауыл округтері бөлінісінде мәліметтер, схемалар мен карталар:

      1-қосымша – Бадам ауыл округі

      2-қосымша – Бөген ауыл округі

      3-қосымша – Бөржар ауыл округі

      4-қосымша – Жеңіс ауыл округі

      5-қосымша – Қажымұхан ауыл округі

      6-қосымша – Қарақұм ауыл округі

      7-қосымша – Қараспан ауыл округі

      8-қосымша – Төрткүл ауыл округі

      9-қосымша – Шұбар ауыл округі

      10-қосымша – Шұбарсу ауыл округі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады