Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы аудандық жер қатынастар бөлімі және Ордабасы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес жекелеген елді мекен шекараларына өзгеріс енгізілсін:
1) 101,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан елді мекенінің жалпы ауданы 1155,0 гектар;
2) 149,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қажымұқан елді мекенінің жалпы ауданы 268,4 гектар;
3) 7,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Мамыр елді мекенінің жалпы ауданы 93,6 гектар;
4) 101,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ордабасы елді мекенінің жалпы ауданы 182,0 гектар;
5) 10,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Қарабастау елді мекенінің жалпы ауданы 42,85 гектар;
6) 59,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөген ауыл округі Бөген елді мекенінің жалпы ауданы 345,0 гектар;
7) 33,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Теспе елді мекенінің жалпы ауданы 123,0 гектар;
8) 23,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Қайнар елді мекенінің жалпы ауданы 210,0 гектар;
9) 15,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жеңіс ауыл округі Жеңіс елді мекенінің жалпы ауданы 207,2 гектар;
10) 15,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Төреарық елді мекенінің жалпы ауданы 133,8 гектар;
11) 12,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Батыр ата елді мекенінің жалпы ауданы 118,7 гектар;
12) 22,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Берген елді мекенінің жалпы ауданы 135,4 гектар;
13) 6,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Мәдениет елді мекенінің жалпы ауданы 73,18 гектар;
14) 7,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Ақжол елді мекенінің жалпы ауданы 108,65 гектар;
15) 19,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Елшібек батыр елді мекенінің жалпы ауданы 102,06 гектар;
16) 17,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Жайылма елді мекенінің жалпы ауданы 25,65 гектар;
17) 8,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Спатаев елді мекенінің жалпы ауданы 105,33 гектар;
18) 24,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Төрткөл елді мекенінің жалпы ауданы 457,0 гектар;
19) 16,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Жамбыл елді мекенінің жалпы ауданы 144,4 гектар;
20) 14,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақұм ауыл округі Қарақұм елді мекенінің жалпы ауданы 189,21 гектар.
2. "Ордабасы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Усербаев |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Абжалов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Ибрагимов |