Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 15 мамырдағы № 216 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет Департаментiнде 2020 жылғы 18 мамырда № 5621 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 28.01.2021 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 592 "Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада "Ордабасы оттары" газетінде және 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғ.Ерназаровқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
15 мамырдағы № 216
қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

4

5

2

"Батсу - Водаканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

156

1

1

3

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ордабасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1829

0,2

4

4

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Достық" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

186

1

1

5

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

381

0,3

1

6

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

228

0,5

1

7

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Батсу" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

64

2

1

8

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "А.Шерімкұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

1

1

9

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

193

0,6

1

10

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

158

1

1

11

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Төрткүл" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

147

1

1

12

"Нұр-Агро 73" ЖШС

163

2

2


Барлығы

3772


20

 
  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
15 мамырдағы № 216
қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

4

5


Барлығы

137

4

5

 
  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
15 мамырдағы № 216
қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Амангелді атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

189

1

1


Барлық

189

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады