Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 15.05.2020 № 216 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 40 "Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4464 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 15 наурыздағы "Ордабасы оттары" газетінде және 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Ордабасы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінді оның көшірмесін ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді ресми жариялауға жолдануын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Ғ.Усенбаев |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" қарашадағы № 592 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ордабасы ауданы ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ордабасы құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 382 | 1 | 4 |
2 | "Батсу - Водаканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 155 | 1 | 1 |
3 | Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ордабасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1485 | 0,2 | 4 |
4 | "Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128,5 | 4 | 5 |
5 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 280 | 0,3 | 1 |
6 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Кәусар" кешенді гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 112 | 1 | 1 |
7 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Достық" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 133 | 1 | 1 |
8 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Ыңтымақ" атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 211 | 0,5 | 1 |
9 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Көкарал жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 154 | 1 | 1 |
10 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Төрткүл жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 140 | 1 | 1 |
Барлығы | 3180,5 | 20 |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" қарашадағы № 592 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Ордабасы ауданының ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128,5 | 4 | 5 |
Барлығы | 128,5 | 5 |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" қарашадағы № 592 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ордабасы ауданының ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Амангелді атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 162 | 1 | 1 |
Барлық | 162 | 1 |