Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұхан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 13 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 наурызда № 5479 болып тiркелді

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ордабасы ауданы Қажымұхан ауыл округі әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қажымұхан ауыл округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге- Ақбұлақ атауы;

      2) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге - Тұмар атауы;

      3) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге - Қожа Ахмет Йассауи атауы;

      4) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге - Сабыр Рахимов атауы;

      5) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ақдала атауы;

      6) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ақжайлау атауы;

      7) Темірлан ауылындағы атауы жоқ көшеге- Бақдәулет атауы.

      2. "Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қажымұхан ауыл округі әкiмiнiң орынбасары С.Боханға жүктелсiн.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қажымұхан ауыл округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы И. Тұрнияз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады