"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ордабасы ауданы Қарақұм ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы, Қарақұм елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге "Мәңгілік ел" атауы берілсін.
2. "Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты" мемелекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жариялаланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақұм ауыл округінің әкімі | А. Досымов |