Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 25 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 наурызда № 5476 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Төрткөл ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төрткөл ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Төрткүл ауылындағы атауы жоқ көшеге- А.Бөкейхан атауы;

      2) Төрткүл ауылындағы атауы жоқ көшеге- Абылайхан атауы;

      3) Төрткүл ауылындағы атауы жоқ көшеге- Атамұра атауы;

      4) Көкарал ауылындағы атауы жоқ көшеге- Ш.Уәлиханов атауы;

      5) Көкарал ауылындағы атауы жоқ көшеге- Бөгенбай батыр атауы;

      6) Көкарал ауылындағы атауы жоқ көшеге- Астана атауы;

      7) Қызылжар ауылындағы атауы жоқ көшеге- Қажымұқан атауы;

      8) Ақсары ауылындағы атауы жоқ көшеге- Ә.Молдағұлова атауы;

      9) Ақсары ауылындағы атауы жоқ көшеге- Райымбек батыр атауы.

      2. "Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Р.Әбдімажітұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрткөл ауыл округінің әкімі Ө. Мұхтархан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады