Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 маусымдағы № 114 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Отырар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 111 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 5561 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 20.06.2022 № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 20.06.2022 № 194 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" № 13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне және "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 03 қазандағы № 4-25-11/1576 хатына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 маусымдағы № 114 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Отырар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4629 тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда "Отырар алқабы" газетінде және 2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының орыс тілінде 3 тармағының 3) тармақшасында "после" деген сөз, "со дня" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәуленге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан акімі А. Жунисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады