Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 09.10.2020 № 87 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 240 хатына сәйкес, Отырар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтыру ауруының шығуына байланысты Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауылдық округі әкімі | Б. Төлбасы |