Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 10 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 ақпанда № 5436 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шәуілдір ауыл округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 1 көшеге-Қаракөншек атауы;

      2) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 2 көшеге -Берен атауы;

      3) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 3 көшеге -Дулыға атауы;

      4) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 4 көшеге -Бозінген атауы;

      5) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 5 көшеге -Достық атауы;

      6) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 6 көшеге -Көкжайлау атауы;

      7) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 7 көшеге -Жетіген атауы;

      8) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 8 көшеге -Құлагер атауы;

      9) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 9 көшеге -Ақберен атауы;

      10) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 10 көшеге - Көкмайса атауы;

      11) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 11 көшеге - Темірқазық атауы;

      12) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 12 көшеге – Саржайлау атауы;

      13) Шәуілдір елді мекеніндегі нөмірленген № 13 көшеге -Балбырауын атауы;

      2. "Шәуілдір ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде казақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Нысанбекке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ. Қыдыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады