"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 54-330/VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 5 мамырда № 5604 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 17-133/VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.06.2024 № 17-133/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген, 2016 жылғы 20 қазанында "Мәртөбе" газетінде және 2016 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықытық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      7 тармақтың 5) тармақшасындағы "300 000" деген саны "1 000 000" санымен ауыстырылсын;

      2. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Козбахов
      Мәслихат хатшысы Ж. Мұсаханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады