Ескерту. Қаулының тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 25.11.2020 № 536 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 11 сәуір 2018 жылғы № 178 "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң, Сайрам аудандық бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерiне қызметтiк куәлiктi беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 тіркелген, 2018 жылдың 18 мамырында "Мәртөбе" газетінде және 2018 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Б. Тұрғынбековке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | У.Садибеков |