Сайрам ауданы әкімдігінің 7 қыркүйек 2020 жылғы № 365 "Сайрам ауданы әкімдігінің 11 сәуір 2018 жылғы № 178 "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң, Сайрам аудандық бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерiне қызметтiк куәлiктi беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекiту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 қарашадағы № 536 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 26 қарашада № 5911 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26 бабына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам ауданы әкімдігінің 7 қыркүйек 2020 жылғы № 365 "Сайрам ауданы әкімдігінің 11 сәуір 2018 жылғы № 178 "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң, Сайрам аудандық бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерiне қызметтiк куәлiктi беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекiту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5784 тіркелген, 2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қаулының орыс тіліндегі тақырыбында "сентября" деген сөз алып тасталсын, қазақ тіліндегі тақырып өзгермейді.

      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Б. Тұрғынбековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі У. Садибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады