"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындарының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық онамастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ елді мекеніндегі көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ташимов көшесінің бірінші бөлігіне – Сауран атауы;
2) Ташимов көшесінің екінші бөлігіне – Яссы атауы;
3) Амангелді көшесінің бірінші бөлігіне – Түркістан атауы.
2. "Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Керимов |