Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 "Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 5819 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 08-02-03/335 ұсынысы негізінде, Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жібек-жолы ауылдық округі, Жібек-жолы ауылының Ю.Гагарин, Қ.Төлеметов көшелерінен және Сиқым ауылының Абай көшесінен шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 "Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5691 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі А. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады