Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 5691 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 29.09.2020 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 02-05/217 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылының Ю.Гагарин, Қ.Төлеметов көшелеріне және Сиқым ауылының Абай көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 9 "Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5645 тіркелген, 2020 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек-жолы ауылдық
      округінің әкімі А. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады