"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қайнарбұлақ ауылдық округінің Әсіларық, Қасымбек датқа, Ошақты, Шіркін және Таскешу елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Көктем атауы;
2) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Шынарлы атауы;
3) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Парасат атауы;
4) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Көмешбұлақ атауы;
5) Ошақты елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жәдігер атауы;
6) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Бейбітшілік атауы;
7) Таскешу елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жастар атауы;
2. "Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қайнарбұлақ ауылдық | |
округінің әкімі | Р. Есполай |