Атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 142 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 5859 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қайнарбұлақ ауылдық округінің Әсіларық, Қасымбек датқа, Ошақты және Шіркін елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Самал атауы;

      2) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Алмалы атауы;

      3) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Наурыз атауы;

      4) Әсіларық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Шуақ атауы;

      5) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Құлагер атауы;

      6) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге–Жаңа ел атауы;

      7) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Өркендеу атауы;

      8) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Мейірім атауы;

      9) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Самұрық атауы;

      10) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Қаратау атауы;

      11) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Кеңдала атауы;

      12) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Дария атауы;

      13) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Көгершін атауы;

      14) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Лашын атауы;

      15) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Қыран атауы;

      16) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Балдәурен атауы;

      17) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Темірқазық атауы;

      18) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Туған өлке атауы;

      19) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Ақжайық атауы;

      20) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Ақтілек атауы;

      21) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Ұлағат атауы;

      22) Қасымбек датқа елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге –Мөлдірбұлақ атауы;

      23) Ошақты елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жаңғыру атауы;

      24) Ошақты елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Сағым атауы;

      25) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Нұрлытаң атауы;

      26) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ұлар атауы;

      27) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Қазыналы атауы;

      28) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Болашақ атауы;

      29) Шіркін елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Күншуақ атауы;

      2. "Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қайнарбұлақ ауылдық
      округінің әкімі Р. Есполай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады