Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 19.05.2020 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 02-05/15 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. М.Оразалиев ауылы Т.Рысқұлов көшесі, № 2 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты, Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлкент ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |