Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 19 "Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 21 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 5624 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 02-05/114 ұсынысы негізінде, Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Көлкент ауылдық округі, М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 19 "Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлкент ауылдық округінің әкімі М. Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады