Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 247 Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 12-141-VI "Сарыағаш қаласының атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 57-516-VI бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 27 қарашадағы № 307 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 5935 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабына, "Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезiнде тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 маусымдағы № 247 Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 12-141-VI "Сарыағаш қаласының атаусыз көшелерiне атаулар беру туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген, 2017 жылғы 03 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2017 жылғы 04 тамызда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      бірлескен қаулының және шешімінің кіріспесіне, 1 тармағына және 1 тармақтың барлық тармақшаларына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      2. "Сарыағаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданы
      әкімінің орынбасары С. Таскулов
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Ш. Жарылкасымов
      Сарыағаш аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады