Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жемісті ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге - Ақбастау атауы;
2) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 2 көшеге - Бәйтерек атауы;
3) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 3 көшеге - Ықылас атауы;
4) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 4 көшеге - Достық атауы;
5) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 5 көшеге - Шаттық атауы;
6) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 6 көшеге - Бірлік атауы;
7) Тың елді мекеніндегі атауы жоқ № 7 көшеге – Мәңгілік ел атауы;
8) Жемісті елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге-Ақниет атауы;
2. "Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жемісті ауылдық округінің әкімі | А. Сейтжапбаров |