Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:
1) 232,42 гектар жер учаскесі Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 7460,04 гектар;
2) 35,30 гектар жер учаскесі Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 6187,95 гектар;
3) 961,79 гектар жер учаскесі Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 11576,69 гектар;
4) 24,60 гектар жер учаскесі Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 6796,62 гектар;
5) 43,70 гектар жер учаскесі Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 3641,78 гектар;
6) 65,10 гектар жер учаскесі Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 1398,56 гектар;
7) 45,40 гектар жер учаскесі Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 3518,27 гектар;
8) 39,40 гектар жер учаскесі Жартытөбе ауылдық округі, Бабаата елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2853,93 гектар;
9) 149,13 гектар жер учаскесі Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 17389,53 гектар;
10) 39,84 гектар жер учаскесі Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2438,44 гектар;
11) 29,46 гектар жер учаскесі Сызған ауылдық округі, Қайнар елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 6572,81 гектар;
12) 68,70 гектар жер учаскесі Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2981,45 гектар;
13) 25,10 гектар жер учаскесі Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 6543,11 гектар;
14) 31,10 гектар жер учаскесі Сызған ауылдық округі, Басбұлақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 5929,36 гектар;
15) 36,01 гектар жер учаскесі Созақ ауылдық округі, Көктөбе елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 1949,07 гектар;
16) 18,78 гектар жер учаскесі Созақ ауылдық округі, Қақпансор елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 399,11гектар;
17) 256,81 гектар жер учаскесі Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 17066,86 гектар;
18) 37,37 гектар жер учаскесі Созақ ауылдық округі, Ыбырай елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 17300,97 гектар;
19) 50,96 гектар жер учаскесі Қарақұр ауылдық округі, Шаға елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 9634,07 гектар;
20) 23,67 гектар жер учаскесі Қарақұр ауылдық округі, Раң елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 10605,80 гектар;
21) 80,88 гектар жер учаскесі Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 11832,37 гектар;
22) 37,75 гектар жер учаскесі Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 7079,17 гектар;
23) 48,38 гектар жер учаскесі Қаратау ауылдық округі, Бақырлы елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 17614,49 гектар;
24) 44,18 гектар жер учаскесі Қаратау ауылдық округі, Сарыжаз елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 6187,62 гектар;
25) 151,63 гектар жер учаскесі Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 32200,96 гектар;
26) 4,34 гектар жер учаскесі Жуантөбе ауылдық округі, Қоңыратарық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 422,43 гектар;
27) 52,21 гектар жер учаскесі Тасты ауылдық округі, Тасты елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 12181,69 гектар;
28) 9,58 гектар жер учаскесі Тасты ауылдық округі, Қылти елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2666,59 гектар;
29) 59,28 гектар жер учаскесі Шу ауылдық округі, Шу елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 13970,29 гектар.
2. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | І. Омар |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Байғараев |