Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 21 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 5390 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 02.04.2020 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 30 қаңтар 2020 жылғы № 02-05/18 ұсынысы негізінде, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесінің тұрғыны Тұрғанбаев Даурен Берікұлын тістеген бір бас иттің бас миының сынамасы "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А. Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады