Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 19 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 қыркүйекте № 5790 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 11 қарашадағы № 22 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 11.11.2020 № 22 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 4 қыркүйек 2020 жылғы № 08-02-07/269 ұсынысы негізінде, Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуантөбе ауылдық округі, Жақсыбайұлы көшесі № 8 үйдің тұрғыны Сейдірахым Шадияр Мадиярұлын тырнаған түлкінің бас миының сынамасы "құтыру" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе ауылынан 65 шақырым жерде орналасқан жайылым аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Д. Абраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады