"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Түркістан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі көшеге келесі атау берілсін:
1) Сарқырама ауылындағы Орталық көшеге Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атауы;
2. "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі | А. Сиқымбаев |