Шектеу іс-шараларын алып тастау және Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 01 "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 18 наурызда № 5503 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 02-05/74 ұсынысы негізінде Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уақ малдың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 01 "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5384 болып тіркелген, және 2020 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлеби ауданы әкімдігінің "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекетік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекетік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жоғарғы Ақсу ауылдық
      округінің әкімі А. Сиқымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады