Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округi әкiмiнiң 18.03.2020 № 5 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесі аумағында құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жоғарғы Ақсу ауылдық | |
округінің әкімі | А. Сиқымбаев |