2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 6002 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік салалар бойынша орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Байғұт

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына 1-қосымша

2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер- лердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"SAS-TOBE TECHNOLOGIES (САС-ТОБЕ ТЕХНОЛОДЖИС)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

333

1

3

2.

"Ақсу-Жабағылы" оңалту сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

1

1


Барлығы:

453


4

 
  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына 2-қосымша

2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (%жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарыныңсаны

1.

"SAS-TOBE TECHNOLOGIES (САС-ТОБЕ ТЕХНОЛОДЖИС)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

333

1

3

2.

"Ақсу-Жабағылы" оңалту сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

1

1


Барлығы:

453


4

 
  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына 3-қосымша

2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан)

Ата-анасынанкәмелеттікжасқатолғанғадейінайырылғаннемесеата-анасыныңқамқорлығынсызқалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастарқатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"SAS-TOBE TECHNOLOGIES (САС-ТОБЕ ТЕХНОЛОДЖИС)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

333

1

3

2.

"Ақсу-Жабағылы" оңалту сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

1

1


Барлығы:

453


4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады