Балықты ауылдық округіндегі Балықты ауылындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 49 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 5817 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балықты ауылдық округі, Балықты ауылындағы келесі көшелер:

      1) "Комаров" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;

      2) "Панюков" көшесі "Садуахас Нұртаев" көшесі деп қайта аталсын.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы әкімдігінің
      Балықты ауылдық округ әкімі Н. Сарсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады