Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 8-45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шардара ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 тіркелген және 2020 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"5. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
7-тармақтың 5) тармақшасындағы қазақ тіліндегі нұсқада "112,2" деген саны "113,2" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақтың 5) тармақшасына:
келесі мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленингардты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) біржолғы 11,317 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;".
7-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
2. "Шардара ауданы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмуратовқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Жунускулова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Муталиев |