"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 02-03/107 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Жүнісходжаев көшесі № 56 үй тұрғыны Березина Диананың өз иелігіндегі 1 (бір) бас иттің құтыру ауруымен ауруына байланысты Жетісай ауданының Жетісай қаласы, Ә.Қашаубаев көшесінен бастап Жүнісходжаев көшесін Абай көшесінің қиылысына дейін және Әйтеке би көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданыәкімдігінің интернет - ресурсына қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жетісай қаласы әкімі: | Т. Елшибаев |