Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 7 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 6 ақпанда № 5403 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарақай ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық онамастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарақай ауылдық округіне қарасты елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Сәтпаев ауылындағы көшеге – Бірлік атауы;

      Сәтпаев ауылындағы көшеге – Алатау атауы;

      Қарақай ауылындағы көшеге – Тәуелсіздік атауы;

      Кетебай ауылындағы көшеге– Әлия Молдағұлова атауы;

      Кетебай ауылындағы көшеге – Берекелі атауы;

      Еңбек ауылындағы көшеге– Құттымекен атауы;

      Еңбек ауылындағы көшеге – Нұрлы жол атауы;

      Қараөзек ауылындағы көшеге – Болашақ атауы.

      2. "Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақай ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы Б. Иманбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады