Келес ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 202 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда № 5824 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 03.06.2022 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А. Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "1" қазандағы
№ 202 қаулысына қосымша

Келес ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекені

Республикалық маңызы бар Шымкент-Жетісай тас жолының бойында, Ынтымақ көшесі № 235

2

Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекені

Құрылыс көшесі № 5А тұрғын үйдің жанында

3

Біртілек ауылдық округі, Ораз ата елді мекені

Болашақ көшесі № 28 тұрғын үйдің жанында

4

Біртілек ауылдық округі, Ораз ата елді мекені

Ешан бау көшесі № 1А тұрғын үйдің жанында

5

Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекені

Қ.Қонысбаев және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы

6

Ошақты ауылдық округі

Облыстық маңызы бар Абай-Шардара тас жолының бойы, Саңырау және Береке елді мекендерінің арасында

7

Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені

М.Құрбанов және Ошақты көшелерінің қиылысы

8

Ошақты ауылдық округі, Сарыжылға елді мекені

Қ.Сәтбаев көшесі № 5А тұрғын үйдің жанында

9

Бірлік ауылдық округі, Бірлік елді мекені

Ә.Жангелдин және М.Әуезов көшесінің қиылысы, Қазпошта ғимаратының алдында

10

Абай ауылы

Т.Рысқұлов көшесі "Адема" балабақшасының жанында

11

Абай ауылы

М.Артықов көшесі "Жібек-жолы" дүкенінің жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады