Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 5 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 13 ақпанда № 5426 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жүзімдік ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Жүзімдік елді мекеніндегі № 1 атауы жоқ көшеге – Астана көшесі;

      2) Жүзімдік елді мекеніндегі № 2 атауы жоқ көшеге – Байтерек көшесі;

      3) Жүзімдік елді мекеніндегі № 3 атауы жоқ көшеге – Қазақстан көшесі;

      4) Жүзімдік елді мекеніндегі № 4 атауы жоқ көшеге – Бірлік көшесі;

      5) Жүзімдік елді мекеніндегі № 5 атауы жоқ көшеге – Желтоқсан көшесі;

      6) Жүзімдік елді мекеніндегі № 6 атауы жоқ көшеге – Кеңдала көшесі;

      7) Жүзімдік елді мекеніндегі № 7 атауы жоқ көшеге – Ынтымақ көшесі;

      8) Жүзімдік елді мекеніндегі № 8 атауы жоқ көшеге – Береке көшесі;

      9) Жүзімдік елді мекеніндегі № 9 атауы жоқ көшеге – Ақниет көшесі;

      10) Жүзімдік елді мекеніндегі № 10 атауы жоқ көшеге – Дихан көшесі;

      11) Жүзімдік елді мекеніндегі № 11 атауы жоқ көшеге – Бейбітшілік көшесі;

      12) Жүзімдік елді мекеніндегі № 12 атауы жоқ көшеге – Түркістан көшесі;

      13) Жүзімдік елді мекеніндегі № 13 атауы жоқ көшеге – Азаттық көшесі;

      14) Жүзімдік елді мекеніндегі № 14 атауы жоқ көшеге – Оймауыт көшесі;

      15) Жүзімдік елді мекеніндегі № 15 атауы жоқ көшеге – Көксарай көшесі;

      16) Жүзімдік елді мекеніндегі № 16 атауы жоқ көшеге – Келес көшесі;

      17) Жүзімдік елді мекеніндегі № 17 атауы жоқ көшеге – Жібек жолы көшесі.

      2. "Жүзімдік ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Келес ауданы Жүзімдік
      ауылдық округ әкімі У. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады