Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 74 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6767 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  2020 жылғы 11 наурызы № 74
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4174 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде, "Дидар" газетінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда, 2015 жылғы 5 желтоқсанда және "Рудный Алтай" газетінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда, 2015 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 93 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4537 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 20 мамырда электрондық түрде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 мамырда, "Дидар" газетінде 2016 жылғы 1 маусымда, 2016 жылғы 2 маусымда, 2016 жылғы 4 маусымда және "Рудный Алтай" газетінде 2016 жылғы 31 мамырда, 2016 жылғы 1 маусымда, 2016 жылғы 2 маусымда жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 280 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4673 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 қазанда электрондық түрде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 қазанда, "Дидар" газетінде 2016 жылғы 11 қазанда және "Рудный Алтай" газетінде 2016 жылғы 11 қазанда жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 391 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4844 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 ақпанда электрондық түрде, "Дидар" газетінде 2017 жылғы 9 ақпанда және "Рудный Алтай" газетінде 2017 жылғы 9 ақпанда жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 362 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер мен толықтаулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5461 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 қаңтарда электрондық түрде, "Дидар" газетінде 2018 жылғы 17 ақпанда, 2018 жылғы 20 ақпанда және "Рудный Алтай" газетінде 2018 жылғы 17 ақпанда, 2018 жылғы 20 ақпанда жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 51 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5531 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 наурызда электрондық түрде, "Дидар" газетінде 2018 жылғы 10 сәуірде және "Рудный Алтай" газетінде 2018 жылғы 10 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады