ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Алтай ауданындағы ауыл және ауылдық округін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу туралы" Алтай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 457 қаулысы және Алтай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 58/2-VI шешімі негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының кейбір әкімшілік – аумақтық бірліктері:
Первороссийское ауылы және Первороссийское ауылдық округі Полянское ауылы және Полянское ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Сессия төрағасы | Ф. Абитаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Головатюк |