ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Клара Цеткин көшесі аумағындағы Ертіс өзенінің (Семей ағысы) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекараларын түзету" жобасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 287 "Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2495 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 ақпанда № 15 "Дидар", 2009 жылғы 7 ақпанда № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
_____________________________ М. Иманжанов
2020 жылғы "______"_______________________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "14" сәуірдегі № 127 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы "14" қаңтардағы № 287 қаулысына қосымша |
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
| Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзені |
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
.