Тұқым шаруашылығын дамытуға 2020 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 141 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 7032 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2020 жылға арналған бюджет қаражаттарының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
29 сәуірі № 141
қаулыға 1 қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2020 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.08.2020 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.05.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат (мың теңге)

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқым

элиталық тұқым

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттері

2 075 880,0

15 202,144

434 936,169

245 598,290

1 380 143,397



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады