Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын анықтау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 144 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7043 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 154 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты белгіленсін:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 12 жылға дейін;

      сыйақының пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 6,1%;

      қарыз бойынша сыйақыны төлеу - жылына 1 рет;

      негізгі қарызды төлеу - қарыз алушының бастамасы бойынша алдын ала өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында;

      2) көлемі – 54 180 000 000 (елу төрт миллиард жүз сексен миллион) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде анықталған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Е. Рахметқалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады