ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11-баптарына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 451 қаулысы мен Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 43-1 шешімі негізінде, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 1618 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 41/279-VІ шешімі негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Зайсан ауданы бойынша:
1) мынадай елді мекендер таратылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз ауылы;
Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық ауылдары;
Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз қонысы Сарытерек ауылдық округінің Көгедай ауылының құрамына;
Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық қоныстары, Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылының құрамына;
Кеңсай ауылдық округінің Сарши қонысы Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының құрамына енгізілсін.
Семей қаласы бойынша:
1) мынадай елді мекендер таратылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең ауылы;
Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына;
Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі |
Сессия төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |