Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Шубин кеніші ауданындағы Филипповка өзенінің сол жағалауының және №№ 1, 2 атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 221 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7323 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Шубин кеніші ауданындағы Филипповка өзенінің сол жағалауының және №№ 1, 2 атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Шубин кеніші ауданындағы Филипповка өзенінің сол жағалауының және №№ 1, 2 атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Риддер қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және табиғи ресурстар
      министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысының міндетін атқарушы Е. Камбаров

      2020 жылғы "___"_______________

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
2 шілдедегі № 221
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Шубин кеніші ауданындағы Филипповка өзенінің сол жағалауының және №№ 1, 2 атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Филипповка өзені,
сол жағалау

0,844

14,9

35-321

0,986

5,6

35-75

Атауы жоқ № 1 бұлақ,
сол жағалау

 
1,0880

 
19,1

 
157-296

 
1,0061

 
5,1

 
75

Атауы жоқ № 1 бұлақ,
оң жағалау

 
0,321

 
2,3

 
112

 
0,3251

 
2

 
75

Атауы жоқ № 2 бұлақ,
сол жағалау

 
0,359

 
2,6

 
122

 
0,350

 
2,3

 
75

Атауы жоқ № 2 бұлақ,
оң жағалау

 
0,153

 
2,2

 
75-77

 
157

 
2

 
75

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады